27 Мамыр 2021
Страницы КГУ "СШ имени Тогас Батыра"

Мектеп тарихы

Ойшілік өңірінде әр кезендерде ашылған мектептер тым әріден басталады. Қай уақытта болса да ел бастаған зиялы қауым өкілдері мектеп ашуға, елін білім мен ғылымға тартуға тырысқан. Сондай мектептердің алғашқысы Ойшілік маңында 1917 жылдары сол кездегі  Тоғас елінің болысы Нұғыман  Жұбанышевтың Томар елді мекенінен аштырған 4 жылдық мектебі болды.

Одан кейін осы Ойшілік өңіріне қарасты шағын елді мекендерде әр уақытта мектептер ашылып-жабылып отырған. 1934 жылы қазіргі орталықтан  3-4 шақырым жердегі «Орта Ойшілік» колхозында, одан қашықта орналасқан Жартас колхозында 4 жылдық бастауыш мектептер жұмыс істеді. 1940 жылы Томар бастауыш мектебі қайта ашылып, Чапаев бастауыш мектебі де жұмыс істей бастады. 1946 жылы «Комсомол» колхозында 7 жылдық мектеп болды. Ал 1958 жылдан бастап Ойшіліктегі мектеп 8-9 сыныптарды оқытып, 1960 жылдан орта мектеп дәрежесін алды.

Мектеп орта білім беретін мемлекеттік оқу орны ретінде сапа жағынан да, сан жағынан да үздіксіз өсіп отырды. Мысалы, 1991 жылдың қарсаңында мектепте 1200 бала оқып, 41 сыныпты құрады. 102 маман педагогтар қызмет істеді. Мектеп жанындағы интернатта 200 оқушы тәрбиеленді. 1960-1990 жылдарда аудан, облыс көлемінде танымал мектеп атанды. Бірнеше пәндер бойынша облыстық, аудандық деңгейдегі (қазақ тілі, ағылшын тілі) тірек мектебі болды. 1992 жылы Комсомол орта мектебіне Тоғас батыр бабамыздың есімін беру жөнінде ұсыныс жасалды. Тәуелсіздігіміздің арқасында мектеп аты «Тоғас батыр» атымен аталды.

1960-1993 жылдары «Комсомол орта мектебі» аталған мектеп 1993 жылы «Тоғас батыр» атындағы орта мектеп болып өзгертілді. Мектеп 2011 жылдан бері «Тоғас батыр» атындағы орта мектебі коммуналдық мемлекеттік мекемесі.

Жалпы өлкеміздің тарихы мен бабалар ерлігін жастар санасына сіңіру, оқушылардың патриоттығын қалыптастырып,еліне, жеріне деген сүйіспеншілігін аттыру мектебімізде жолға қойылған. Біз сол арқылы Қазақстанымыздың Мәңгілік елге айналуына өз үлесімізді қоссақ дейміз.

Пайдалы ақпараттық ресурстар