09 Қаң 2021
Страницы КГУ "СШ имени Тогас Батыра"

Мектеп туралы

Мектеп тарихы

 

Ойшілік өңірінде әр кезендерде ашылған мектептер тым әріден басталады. Қай уақытта болса да ел бастаған зиялы қауым өкілдері мектеп ашуға, елін білім мен ғылымға тартуға тырысқан. Сондай мектептердің алғашқысы Ойшілік маңында 1917 жылдары сол кездегі  Тоғас елінің болысы Нұғыман  Жұбанышевтың Томар елді мекенінен аштырған 4 жылдық мектебі болды.

Одан кейін осы Ойшілік өңіріне қарасты шағын елді мекендерде әр уақытта мектептер ашылып-жабылып отырған. 1934 жылы қазіргі орталықтан  3-4 шақырым жердегі «Орта Ойшілік» колхозында, одан қашықта орналасқан Жартас колхозында 4 жылдық бастауыш мектептер жұмыс істеді. 1940 жылы Томар бастауыш мектебі қайта ашылып, Чапаев бастауыш мектебі де жұмыс істей бастады. 1946 жылы «Комсомол» колхозында 7 жылдық мектеп болды. Ал 1958 жылдан бастап Ойшіліктегі мектеп 8-9 сыныптарды оқытып, 1960 жылдан орта мектеп дәрежесін алды.

Мектеп орта білім беретін мемлекеттік оқу орны ретінде сапа жағынан да, сан жағынан да үздіксіз өсіп отырды. Мысалы, 1991 жылдың қарсаңында мектепте 1200 бала оқып, 41 сыныпты құрады. 102 маман педагогтар қызмет істеді. Мектеп жанындағы интернатта 200 оқушы тәрбиеленді. 1960-1990 жылдарда аудан, облыс көлемінде танымал мектеп атанды. Бірнеше пәндер бойынша облыстық, аудандық деңгейдегі (қазақ тілі, ағылшын тілі) тірек мектебі болды. 1992 жылы Комсомол орта мектебіне Тоғас батыр бабамыздың есімін беру жөнінде ұсыныс жасалды. 1960-1993 жылдардағы «Комсомол орта мектебі» атауы 1993 жылы «Тоғас батыр атындағы орта мектеп» болып өзгертілді. Мектеп 2011 жылдан бері «Тоғас батыр атындағы орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі.

ШҚО. Тарбағатай ауданы Ойшілік ауылы  «Тоғас батыр атындағы орта мектебі» КММ  Байбарақ көшесі  №23 

Мектептің жеке парақшасы Бұл электронды пошта мекен-жайы спам-боттардан қорғалған. Көру үшін сіздің браузеріңізде JavaScript қосулы тұруы тиіс.

Тоғас батыр атындағы орта мектебінің директоры Калиолдин Асхад Галымович    08.12.1973 ж

 

Пайдалы ақпараттық ресурстар